Жәрмеңке жалғасуда

Өткен сенбіде «Аида» базарында он екінші облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге Ырғыз, Қарғалы, Мәртөк, Хромтау аудандарынан және Ақтөбе қаласы ауыл шаруашылығы құрылымдарынан отыз сегіз тауар өндіруші-өңдеушілер, жеке кәсіпкерлер қатысты. Бұл жәрмеңкеде бұрынғыдай ет, балық, сондай-ақ көкөніс өнімдеріне сұраныс жоғары болды. Арзан әрі сапалы өнімдерді сату алдағы аптада да жалғасады. Н. ДОСОВ.